1411 бірыңғай қысқа нөміріне қалалық және ұялы телефондардан тегін қоңырау шала отырып, Сіз:

зейнетақымен қамсыздандыру;

әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;

еңбек қатынастары;

жұмыспен қамту;

мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беруге өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Сонымен қатар, Байланыс орталығына электрондық почта арқылы жүгіне аласыз

info@info.mintrud.kz



Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Сіз 1411 нөміріне SMS-хабарламаны тегін жібере отырып, өз елді мекеніңіздегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ала аласыз.

Сұраудан кейін ұялы телефоныңызға сұратылған мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберілетін болады.

SMS хабарламаның үлгісі: *жұмыс* қала коді *мамандық#

Мысалы:

*жұмыс*7172*жүргізуші#

*работа*7282*мұғалім#

*работа*72834*дәрігерлік бикеш#

SMS хабарламаны жiберу және қабылдау – тегін.

Әлеуметтік–еңбек саласында ақпараттық–кеңес беру қызметін көрсету басқармасына (Байланыс-орталығы) сенбі және жексенбі, мереке күндерінен басқа, кез келген күні сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін хабарласа аласыз. Сізге міндетті түрде жауап беріледі.